Түркістан облысына арналған жоба

Келес ауданы, Жүзімдік ауылындағы «Серік» шаруа қожалығының егіс алқабында бас қосқан аудан, ауылдық әкімдері, агроқұрылымдар мен ғалымдар «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу – жобасын дамыту»  бойынша кеңесті. Облыстың табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып қолға алынған жұмыс нәтижесінде биыл 128 ауыл округінен 5,2 мың гектар алқапта 1999 шаруа қожалығы бірінші, екінші және үшінші өнімнен 220 мың тоннаға жуық өнім жинады.ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АУМАҒЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ  ТЕХНИКАСЫН ЖИНАУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА | QAZAQSTAN DAUIRI

Семинар-кеңесте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев дамыған мемлекеттерден қалып қоймас үшін бәсекеге қабілетті болудың керектігін, ғалымдармен бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әлемдік талаптарға сай келетін өнім өндіруге ұмтылу қажеттігін атап өтті. Елімізде 214 мың шаруа қожалық болса, 71 мың агроқұрылым яғни 33% -ы Түркістан өңірінде. Олардың 65%-ы ұсақ, майда шаруа қожалықтар. «Бұл жобаның келешегі биік, маңызы зор, нағыз Түркістан облысына арналған жоба екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ауылшаруашылық саласын дамыту маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі. Әр аудан табиғи жағдайға байланысты жұмыс істеуі тиіс. Тиімді де үнемді жаңа технологияларды қолдану арқылы, өнімді арттыру керек. Жаңбырлатып суару технологиясының тиімділігін түсініп, Түркістан төңірегінде, Арыс өңірінде, басқа да аудандар қолданып жатыр. Жалпы жаңа технологияны 11 мың гектар жерге ұлғайту көзделген», – деді Өмірзақ Естайұлы. 

Жиында әртараптандырудың бәсекелестіктің басты шарты екені айтылды. Семинарда сөз алған М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымы Қалымбетов Бердияр саланы дамытудың үш бағытын ұсынды. Әртараптандыру арқылы жоспарлауды үйреніп, ұсақ шаруашылықтарды ірілендіріп, кооперативке бірігудің пайдасы жайлы баяндады. «Облыста шаруашылықтардың көбісі шағын. Оларды ірілендіру керек. Жеке-жеке шаруашылықтар технологияны сатып ала алмайды. Кооперативтерге бірігудің негізгі стимулы МТС яғни, машина технологиясы станциясы құрылса. Ол 5-6 трактордан, технология, сервистік қызметтерден тұрады», –деді М. Әуезов атындағы ОҚУ, «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Б.Қалымбетов.

Сондай-ақ облыс әкімі Келес ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Біртілек ауылдық округіндегі «Нұржан» шаруа қожалығында болды. Диқандар озық технологияны қолдана отырып тұрғындарды көкөніс және түрлі көшеттермен қамтамасыз ету жұмысын жолға қойған.  Аумағы 11 гектар жылыжай аумағында тамшылатып суару әдісімен қызанақ, қияр егіп, егінді нәрлендіреді.  Өндірілген өнім Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және солтүстік облыстарға жөнелтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер