Түркістан облысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 400-ге жуық жайт тіркелген

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысында ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 2020 жылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 383 дерек тіркелді, оның ішінде 186-сы қылмыс және 197-сі қылмыстық әрекеттер: Нақтырақ айтсақ, есірткі сату 61, аса ірі көлемде есірткі сақтау 20, есірткі контрабандасы 29, есірткі өсімдігін заңсыз егіп-өсіру 75. 

Сондай-ақ, Заңсыз айналымнан 7 тоннаға жуық  есірткі заты тәркіленді. Сотқа 154 іс жолданып, 147 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Мәселен, ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қараша айында  Мақтаарал ауданының тұрғыны 6 гр есірткі заты марихуананы сатқаны анықталып, құрықталды. Әрі қарай үйіне тінту жүргізу кезінде 8 дана сіріңке қорабы және қағазға оралған жалпы салмағы 21 гр марихуана тәркіленіп алынды. Күдікті қамауда. 

Одан бөлек, Келес ауданында да  тұрғынның бірі  6 гр марихуананы сатқаны анықталып, құрықталды.  Тінту жүргізу кезінде оның үйінен 1 дана қағазға оралған салмағы  23 гр-нан асатын марихуана есірткі заты тәркіленіп алынды. Күдікті қамалды. 

Сонымен қатар Төлеби ауданының  тұрғыны да есірткі сатып ұсталды. Бас шарасы қамауда. Аталған қылмыстық істерге қатысты тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтардың жат әдеттерден сақтанып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы керектігін ескертеді. Ал, денсаулығына зиян келтіретін заттарды (ішімдік, есірткі, құмар ойындар) қолданып, өз өмірімен қатар қоғамға да кесірін тигізеді. Сондай-ақ, заң алдында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер