Сапарбаев зиялылардың Қонаевқа ескерткіш қою ұсынысын қолдады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласында Қазақ КСР компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне ескерткіш қою ұсынысын қолдады, деп хабарлайды  "Знамя труда" басылымы.

Қонаев.png

2022 жылы Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы аталып өтеді. Қазір Таразда Қонаевтың мүсіні орнатылған. 

Жамбылда зиялы қауым өкілдері: Қазақстанның еңбек ері Мұқаш Ескендіров, журналистика ардагері Баттал Жаңабаев, Мемлекеттік премия лауреаты, ақын Күләш Ахметова, академик Өскенбай Мәдиев, облыстағы қоғамдық кеңес төрағасы, Мәжілістің экс-депутаты Амзебек Жолшыбеков аймақ басшысына мүсінді толық ескерткішке ауыстыру туралы ұсыныс айтты.

- Сапарбаев ұсынысты қолдады және жауапты органдарға тапсырма берді, - деп жазады газет.

Басылым Қонаевтың есімі "әрбір қазақтың жүрегінде ерекше орын алатынын" атап өтті. 

- Дінмұхамед Қонаевтың мұрасы - республиканың ұлттық игілігі, оның есімі Қазақстан тарихындағы алтын қорға кірді. Қазақ халқы тірі болғанда мұндай қайраткер адамның да есімі мәңгі сақталады, - делінген мақалада.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер