Тәрбие – білімнің қайнар көзі

image.png

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама-философ Әбу Насыр әл-Фараби бекерден айтпаса керек. Тәрбие – бұл жалпы ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының өзара әрекетін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты «Тұлға» қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. «Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады» деп халық айтқандай қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және демократиялық өзгерістерге байланысты жеке тұлғаның дербестік сипатта дамуы маңыздылыққа ие болуда. 

Қазіргі таңда елімізде тұлғаны тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Біздің орталық қызметкерлерінің негізгі мақсаты – баланың жан-жақты дамыған, кез-келген ортада өзін еркін ұстай білетін, дарынды, алғыр бала етіп тәрбиелеу. «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталықтарына жыл сайын 16-ауысым бойынша 4300-4500 оқушы келіп, өзінің алған білімін жетілдіріп, сауығып, және де өздеріне өмірлік дос бола білетін оқушылар мен мұғалімдер арттыруда. Уақытша құрылған ұйымда 20 күн бойы ұйымдастырушы-ұстаздар жетекшілік етеді. Ұйымдастырушы-ұстаз балаға ата-ана, аға-әпке, жол бастар көшбасшы іспеттес. Орталыққа келген әр баланың мінез-құлқына байланысты ортаға бейімделуі, топта өзін еркін ұстауы бәрі ұйымдастырушы-ұстаздарға байланысты. Оқушылар топқа бөлініп, балалардың таныс емес ортада бірден ашыла алмайтыны да көптеп кездеседі. Бұл оқушы басты назарда болуы маңызды. Әр баланы жеке тұлға деп қабылдап, өзінің шектік шекарасынан шығарып алмай дұрыс бағыт бағдар беріп тәрбиелеу керек. Міне сонда ғана топты біріктіріп, «Ең үздік топ» етіп шығара алады.  

ЕРНАЗАРОВА Айнұр Шүкірқызы,

«Балдәурен» РОСО филиалының ұйымдастырушы-ұстазы.

Түркістан облысы Төлеби ауданы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер