«Жаңа жылдық таңғажайыптар – Балдәуренде!» жаңа жылдық шырша

image.png

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келді міне жаңа жыл, жаңа бақыт!

Әсем безендірілген шырша, оған ілінген түрлі-түсті ойыншықтар, қызылды-жасылды жылтырақтар мен көздің жауын алар шамдар, керемет көңіл күй, барлығы да осынау кереметтей мереке әрбір адам баласы асыға күтетін жаңа жылдан үзінді дерсің. Жаңа жыл – ертегілер мен таңғажайыптар кезеңі. Жаңа жыл күні әркім өзінің тілек-армандарының орындалғанын қалайды, сыйлықтар сыйланады, балалар Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күтеді.

Балалардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында орталықта ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша ең жоғары деңгейде өтті. Барлық 280 баланың көңілінен шықты деген сенімдемін. Бір сәтке болсада мына әлемде болып жатқан індетті ұмытып, балалармен бірге жаңа жылдық шырша өткіздік. Ұйымдастырушы-ұстаздарымыз бар күш-жігерін салып, аса жоғары дайындықпен дайындалды. Аяз ата мен Ақшақардың сахна төріне шығуының өзі де ерекше болды. Түрлі кейіпте балаларға ұнайтын киімдер киіп, би биленіп, ән шырқалды. Осылайша көптен күткен жаңа жылдық шыршамызды ортаға алып келіп, демалушы балаларымызға сыйлықтар сыйланды. Жаңа жылдан әр адам тек жақсылық күтеді. Шырша маңына жиналған балалар мерекелік кештегі әрбір әсерлі сәтті жүрегімен сезінді. Таңғажайыпқа толы жаңа жылдық шырша балалардың есінде ұзақ уақыт сақталары анық. 

Барша Қазақстандықтарды 2021 жыл Сиыр жылымен шын жүректен құттықтаймын! Сиыр жылы жайлы жыл болып, бұрынғы қалыпқа түсіп, оқушыларымыз мектепке барып білім ала берсін! Жаңа жыл тек бақыт әкелсін!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

ЛӘЗЗАТ Әкімбекқызы,

«Балдәурен» РОСО филиал директорының оқу мен тәрбие жөніндегі орынбасары.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы






Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер