Мәскеуге келген Навальный әуежайда тұтқындалды (видео)

Ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың Берлиннен Мәскеуге ұшып келген "Победа" әуекомпаниясының ұшағы Внуково әуежайына қонады деп жоспарланған. Алайда ұшақ Шереметьевоға қонды. Бұл туралы онымен бірге ұшақта келген Deutsche Welle тілшісі мәлімдеді.

Навальный.jpg

Борт қонуға аз уақыт қалғанда басқа аэродромға бағытталған. Baza Telegram-каналы Внуково әуежайында қар тазалайтын техника сынып қалып, қонатын жол тазартылмағанын жазады. Сол себепті ұшақ басқа әуежайға қонған.

Саясаткердің командасы оны күтіп алу үшін жақтастарын әуежайға шақырған болатын. Биліктегілер Внуково әуежайына полицейлерді әкеліп, адамдарды ұстады. Соңғы мәліметтер бойынша, 37 адам ұсталған. Олардың арасында Новальныйдың жақтастары мен журналистер бар.

Навальный Мәскеуге ұшып келгеннен кейін журналистере сұхбат беріп, қайту немесе қайтпау керек деген таңдау болмағанын айтты.

- Мұндай сұрақ болған жоқ. Келгенім үшін бақыттымын. Бұл соңғы бес айдағы ең керемет күнім болып тұр. Мұнда менің үйім бар, мен қорықпаймын және шекара бақылауына әдеттегідей барамын. Шыққан соң үйге кетемін, себебі менікі шындық екенін білемін. Маған қарсы қылмыстық істер әдейі жинақталғанын білемін. Бірақ шындық менің жағымда және сот та. Мен ештеңеден қорықпаймын және қорықпауға шақырамын, - деді ол.

Шереметьево әуежайында төлқұжат тексеріп жатқанда полицейлер Навальныйды ұстады. Ол қорғаушысы мен әйелінсіз кетті.

- Шереметьево әуежайында Ресейдің Мәскеу бойынша Жазаны орындау федералды қызметінің (ЖОФҚ)  шұғыл басқармасы іздеу бөлімінің қызметкерлері шартты түрде сотталған Алексей Навальныйды ұстады. Ол сынақ мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін 2020 жылғы 29 желтоқсаннан бері іздеуде жүрген, - деп келтірді Жазаны орындау федералды қызметінің хабарламасын РИА Новости

Басылымның мәліметінше, Навальныйдың бұдан әрі бұлтартпау шарасын сот шешеді, оған дейін ол қамауда болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер