Ең жас депутат Мәди Ахметов ата-анасы кімдер екенін айтты

Мәжілістегі ең жас депутат "Азат алаң" бағдарламасына берген сұхбатында ата-анасы туралы сұраққа жауап берді. 

Мәди Ахметов.jpg

- Қарапайым отбасынан шықтым. Ата-анам зейнеткер. Мен Алматыда туылдым. Бірақ ауылды өстім. Білім алдым. Кейіннен Алматыға қоныс аудардым. 

Байлық деген ұғымды әркім өз бетінше түсінеді. Байлық ақшаға ғана тірелмейді ғой. Рухани байлық, отбасының амандығы, татулығы, бірлігі. 

Отбасым бұл жаңалықты (депутат атанғанды - автор) зор қуанышпен қабылдады. Ата-ана деген баласы үшін әрқашан тақымын қысып отырады ғой. Олар әрқашан біреудің ала жібін аттамауды айтып отырады. Ешкімді алдамау, арбамай, таза жүріп өз ісін адал атқаруды айтты. Мен олардың аманатын орындаймын, - деді Мәди Ахметов.

Еске сала кетейік, Парламенттің төменгі палатасының жетінші шақырылымының ең жас депутаты Мәди Ахметов - Қазақстан тарихындағы ең жас депутат болып рекорд жаңартты. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер