Экс-шенеунік оппозициялық үкімет құратынын айтты

Экс-шенеунік Нұржан Әлтаев "Ел тірегі" оппозициялық партиясын құратынын мәлім етті, деп хабарлайды  КТК арнасы. 

Нұржан Әлтаев.jpg

Бұған дейін "Nur Otan" партиясынан қуылған ол бүкіл ТМД аумағында болмаған тың бастама көтеріп отырғанын жеткізді. Сөзінше, үкіметтің мұндай балама түрі Еуропаның дамыған елдерінде жиі қолданылады. Мысал ретінде Ұлыбритания мемлекетін келтірген ол бір ай ішінде оппозициялық үкімет құратынын айтады. Сондай-ақ бұрынғы мжәлісмен өткен парламент сайлауында жаңа құрылған үкімет құрамы "ешқандай жаңармаған, құр көзбояушылық" деп санайтын көрінеді.

Әлтаев қаржыландыру мәселесі халыққа тәуелді болатынын қосты. Бұған қоса, баламалы үкімет мүшелерін халық сайлайды екен. 

- Біз сол әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы,  сайлау арқылы сол министр, кім көп дауыс жинайды, сол біздің оппозициялық үкіметте министр бола алады. Бұл жерде тек халық шешеді. Мен шешпеймін, басқа азаматтар шешпейді, партияның ішіндегі азаматтар шешпейді. Тек халық өзі шешім қабылдап, дауыс беріп, сол дауыс беру арқылы шешілетін болады, - деді "El Tiregi" қозғалысының төрағасы Нұржан Әлтаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер