«Билік білгенін жасап жатыр» - экс-депутат (видео)

Қазақстандық оппозиция бас біріктіріп жүйелі күшке айналуы мүмкін. Ұйқышыл Үкіметтің әрекетіне бұдан әрі төзе алмаймыз деген саяси белсенділер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып әрекет етпек. Ал, мұндай идеяны оппозицияда жүрген 19 азаматтың атын атаған экс-депутат Нұржан Әлтаев ұсынып отыр. Үйлестіру кеңесін құрып, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешеміз деген ол керек болса халықпен бірге митингіге шығамыз дейді, деп хабарлайды "Информбюро" жаңалықтар қызметі.

Нұржан Әлттаев.jpg

- Қорқып, қорқып оның бәрінен шаршадық. Қазір көріп жатырмыз ғой, билік білгенін жасап жатыр - дейді Нұржан Әлтаев. 

Ал, экс-депутаттың бұл әрекетін кей қоғам белсенділері пиар деп есептейтіндігін жеткізді.

- Оппозицияны күті біріктіру идеясы келген кезде бірінші кездесу керек. Сол салада жүрген азаматтармен кеңесіп барып, шешім қабыодау керек. Ал, егер олармен келіспей бұқаралық ақпарат құралдарына шығатын болса оның стратегиялық емес көбінесе жарнамалық пиары көп деген сөз -  дейді  "Экологиялық Альянс" төрағасы Азаматхан Әміртай.

Белсенділер биліктен топ етіп түскендерге күмәнмен қарайтын сыңайлы. Сол себепті, Әлтаевты бірі қолдаса екіншілері оппозицияда тәжірибесі аз дейді. 

- Бұл биліктің кезекті бір жобасы шығар деуге болады. Мүмкін ол азамат та жеке тұтқиылдан түс көріп оң аяғынан тұрып ойланып, осы оппозицияны мен қоспасам кім қосады деп тәуекелге кірісіп кеткен шығар. Солай болғанда да ол оппозицияға келу, оны біріктіру оңай шаруа емес - дейді қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы. 

Әзірге Әлтаевты 19 адамның ішінен Ермұрат Бәпи мен Тоғжан Қожалиева қолдап отыр. Жақтастар бас қосып елді елең еткізген мәселелерді бір-екі айда бір талқыламақ. Тіркелмеген партия төрағасы жалғыздың үні шықпайды сондықтан өзгелермен біріккен дұрыс дейді. 

- Үлкен өзгеріс керек. Қазіргі, "Нұр Отан" партиясымен немесе Үкіметте отырған азаматтармен ешқандай өзгеріс жасауға мүмкін емес - дейді "Ел тірегі" партиясының төрағасы Нұржан Әлтаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер