Пашимов Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

Түркістан облысында 2616 медициналық қызметкер кәсіби деңгейін көтеріп, COVID-19 инфекциясын емдеу бойынша 1300-дей маман дәріс алған,.

image.png

Сонымен қатар медициналық қызметкерлер Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен Қытай, Ресей мамандарынан онлайн форматта тәжірибе алмасқан.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, Ресейдің Санкт-Петербург, Новосибирск қалаларындағы жоғарғы оқу орындарымен үздіксіз білім беру жөнінде әріптестік байланыс орнатылған. Дәрігерлерге соңғы технологияларды меңгертіп, науқастарды емдейтін мамандарды дайындау мақсатында облыстық балалар ауруханасында арнайы тренинг орталықтарында 728 медициналық қызметкер оқытылды. Пандемия тұсындағы негізгі ауыртпалық медицина қызметкерлеріне түскені белгілі. Індет жұқтырғандарды емдеп, өз өмірін қатерге тіккен ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен.  Осынау сын сағатта халқы тығыз қоныстанған Түркістан өңіріндегі медицина саласының жұмысын ұйымдастырып, жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ете білген қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

image.png

Айта кетелік, жалпы облыста 5300 дәрігер және 18600-ға жуық мейірбике бар. Ақпан айының басынан бері  1200-ге жуық медицина қызметкері COVID-19-ға қарсы екпе салдырды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұмабек Тәшеневтің елге жасаған еңбегі дәріптелді
  • Фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеру басталды
  • Енді жаңа SIM-карта сатып алу үшін екі рет тіркеуден өтесіз
  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер