Көпбалалы полицейлердің жанұясы мереке қарсаңында марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2013 жылдан бері елімізде «Отбасы күні» мерекесі тойланып келеді.  Аталған мереке қарсаңында  Түлкібас АПБ полиция қызметкерлері ерлі-зайыпты полицейлердің отбасына арнайы барып, құттықтап қайтты. 

image.png

 Тарқатып айтар болсақ, Түлкібас аудандық полиция бөлімі бастығының арнайы алғыс хаты мен сый-сияпаттарын жас отбасы және көпбалалы болып табылатын полицейлерге әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Гүлбану Есенқұлова табыстады. Ол ерлі-зайыпты сақшылардың үйлеріне арнайы барып аралап, бөлім бастығы атынан мерекелік тартуды берді. 

Өз кезегінде марапатталған көпбалалы полицейлер анасы құттықтап келген полиция ұжымына  алғыстарын айтып , барша қазақстандықтарды отбасы мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін  жеткізді.


ТО ПД-нің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер