Түркістан полицейлері мереке қарсаңында спорттық іс-шаралар ұйымдастырды

Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, спорт – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы – қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ. Осы тұста  Түркістан облысының полицейлері  карантин талаптарын қатаң сақтай отырып  спорттық ойындарды   жиі ұйымдастыруда.

image.png


 Атап айтсақ, Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері «30 тамыз - Қазақстан Республикасының  Конституциясы күні» мерекесіне орай  қызметкерлер арасында спорттық іс-шара  ұйымдастырды.  Іс-шараның басы  Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандардың құрметіне 1 минуттық  үнсіздікпен басталды. 

image.png

Мерекеге  орай  арнайы   өткізілген кіші футбол жарысына құқық қорғау мекемелерінің  8 командасы    қатысты. Сондай-ақ орын алған командаларға  арнайы жүлделер табысталды.

Түркістан полицейлері осындай спорттық ойындармен іс-шараларды   алдағы уақытта да жоғары деңгейде өткізетіндерін айтты. 

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер