Түркістан облысының полицейлері кәмелет жасына толмаған баланы тонаған ер адамды қамауға алды

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ауылдасы кәмелет жасына толмаған баласының ұялы телефонын күш көрсету арқылы алып, ашық түрде жымқырып кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 60 000 теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

image.png

Күдіктіні ұстау мақсатында, полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері тонау қылмысына қатысы бар күдікті ер адамды «ізін суытпай» қолға түсірді. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша күдікті азамат қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. 

Белгілі болғандай, күдікті азамат кәмелет жасына толмаған баланың көшеде жүргенін көріп, көше бойындағы құрылысы бітпеген үйге алып барған. Содан соң күш көрсетіп телефонын тартып алып кеткен. Қолды болған ұялы телефонды саудагерлердің біріне арзан бағада сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Сондай-ақ, ұрылардың назары көп түсетін қоғамдық орындарда қымбат заттар мен ұялы телефондарды көрсетпеу керек. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда дереу 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер