Түркістан облысының полицейлері тұрғынның 40-тан астам жоғалған малын тауып беріп, алғысын алды

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша сағат 19:30 шамасында егістік алқапта жайылып жүрген 44 бас ұсақ малының  жоғалып кеткенін айтып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. 

image.png

Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Айналаны бір шолып шығып, жоғалған малдарды  табуға бағытталған барлық жұмыстарды атқарды. Куәлардан жауап алып, күдік тудырған үй малын таситын автокөліктерді тексерді. Осылайша жүргізілген тыңғылықты іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған малдар 35  шақырымда жайылып жүрген жерінен табылды. 

Осы тұста малдарының аман-есен табылғанына риза болған иесі, полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын айтты: «Мен малдарымды жоғалтып алған едім.  Өз бетімше іздеп көрдім. Бірақ табылмады. Содан соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Олар маған дер кезінде тауып берді. Тәртіп сақшыларына үлкен рақмет!».

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға, мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмау керектігін айтады. Малдарды міндетті түрде ен немесе таңба салып, шаруашылықты мықтап бекітіп, жайылымдағы малдарға қойшы жалдап сақтану керектігін ескертеді. Мал ұрланып немесе жоғалып кеткен сәттерде, өзім білемдікке салынбай, бірден полицияның 102 нөміріне қоңырау шалуы қажет.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан полицейлері тұрғынның 13 миллион тұратын көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні ұстады
  • Түркістан полицейлері қайтарымсыз ақша алып беремін деп алаяқтық жасаған әйелді ұстады
  • Түркістан облысында ауыр жүк көліктерінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүр
  • Түркістан облысының полицейлері есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады
  • Түркістан полицейлері ұялы телефон жымқырған азаматты ұстады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер