Келес аудандық ПБ қызметкерлері еліміздегі карантин режиміне байланысты егде жастағы тұрғындардың денсаулықтарына қауіп төндірмеу мақсатында аудан мен ауыл-аймақтарда ,елді- мекендерде тұратын ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға құжат ауыстыру, заңдастыру мәселелері бойынша әрдайым көмек көрсетіп тұрады.
Осындай мәселелермен тексеріс жүргізу барысында , полиция қызметкерлері Абай ауылының тұрғыны, 1-ші топтағы мүгедек Наушабаева Айшагүл Амантайқызының жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткендігін анықтады.Осыдан кейін көші-қон қызметкерлері, тұрғынның құжаттарын тез арада рәсімдеп , дайындады.Қысқа мерзімде дайындалған төлқұжатты , Келес ауданы ПБ көші-қон полиция инспекторы , Келес аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына бекітілген полиция капитандары Сәкен Сәрсенбаев пен Жанболат Рахимов Абай ауылындағы А.Амантайқызының мекен-жайына арнайы барып, қарияға қайта рәсімделген жаңа төлқұжатын табыстады.
67 жастағы ақ шашты ана полиция тарапынан осындай тиімді көмек берілгеніне қуанып, Келес ауданы ПБ қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі