Жеңісімді сәбилердің рухына арнаймын - Қанат Ислам (видео)

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам кәсіпқой бокста кезекті жеңісін Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қаза болған балалардың рухына арнайтынын айтты.

Канат Ислам.jpg

- Кеше елімізде қайғылы жағдай болды. Қанша сәбиімізден айырылып қалдық. Алла тағала олардың жанын жәннаттық қылсын. Мен осы жеңісімді сол сәбилердің рухына арнағым келеді. Өте өкінішті, - деді Қанат Ислам жеңісінен кейін рингте.

Боксшы ел басқарып отырған азаматтарға үндеу жасады.

- Біздің елім, жерім дейтін, елді басқарып отырған ағаларымыздың құлағына алтын сырға: қарапайым халықпен бірге болыңыздар. Аспанға ұшып кетпеңдер. Аяқтарың аспаннан салбырап түскен жоқсыздар. Бәрің біз секілді екі уақыт тамақ жеп, екі уақыт дәретханаға баратын адамсыңдар. Әрқашан да халықтың қамын жеңдер, кім болсаң да. Қарапайым халқым, мен әрқашан да сіздермен біргемін. Жеңісім әрқашан сіздер үшін. Аман болыңыздар. Осы дерттен бәріміз аман-есен өтейік, - деді Қанат Ислам.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер