Жезқазғанда мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алғандарды үйлерінен шығарып жатыр

Жезқазғанда мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алған адамдарды баспанасынан көшуді сұрап жатыр. Тұрғындар жаңа пәтерлерінде үш жылға жуық уақыт ғана тұрған. Қала тұрғындары бұл мәселені сотта шешуге тырысып жатыр, деп хабарлайды Rgmedia.kz тілшісі.

news_full1613796006f7bdcabd4a1c3fd13aeb3624a8a29419.jpg

- Бізге көшу керектігі туралы хат келді. Әкімдік бізге кешіріңіз, біз сізді қателесіп орналастырдық. Сіз бұл бағдарламаға сәйкес келмейсіз деді. Мұндай қателіктер болады ма? Біздің кінәміз не? Біз бұл тұрғын үйді көп жылдар бойы күттік. Бұған көп күш, ақша жұмсалды. Енді біз қайда барамыз. Осы подъезден тоғыз отбасына пәтерден шығуды сұрады, дейді тұрғын Ұлбосын Айқенова. 

- Билік шын жүректен өкінішін білдірген, бірақ олар отбасыларын жаңа үйде қалдыра алмайды. Олар үшін басқа баспана іздей бастады. Ал қателікке жол берген тұрғын үй комиссиясының төрт мүшесі жұмыстан шығарылды. Осы тоғыз отбасы тұрған үйлерді "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша салдық. Бірақ осы бағдарламаның шарттарына сәйкес, ондағы пәтерлер бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне арналмаған. Олар тек халықтың осал топтарына арналған. Бұл қателік болды, деп жауап бердіЖезқазған әкімінің орынбасары Қайрат Бапанов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер