Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады.

Тоқаев.jpg

Құрметті отандастар!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында жариялаған осы айтулы мерекенің мәні терең, маңызы ерекше.

Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі.

Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы алғалы отырмыз.

Бүгінде азаматтарымыз егемен елімізді дамытуға, қатерлі қазақ жеріндегі бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда.

Мен баршаңызға Отанымыздың өркендеуі жолында сіңірген жасампаз еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын.

Біз біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз. Бәріміз бірге әділетті қоғам құрып, мемлекеттілігімізді орнықтыра түсеміз деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бұдан былай вакцина салдыру міндеттеле ме?
  • Мəдениет жəне спорт министрі Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
  • Қорғаныс министрлігі: қазақстандық әскерилер Мәскеудегі шеруге бармайды
  • «Пандемия теңізге шығатын жолы жоқ елдерге теріс әсер етті» - Цой
  • Түлкібас: Шақпақ баба ауылдық мәдениет үйінде жарамазанды насихаттау шарасы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер