Мəдениет жəне спорт министрі Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты

Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрлік атынан актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Ғазиза Мəкешқызы Əбдінəбиеваның қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. 

Ақтоты Райымқұлова.jpg

- Пейілі дархан Ғазиза апамыз саналы ғұмырын бекзат өнерге арнап, мағыналы тірлік кешті. Ұзақ жылдан бері театр жəне кино саласында талай тартымды образдарымен талғампаз көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ғазиза Мəкешқызы түскен «Тоғысқан тағдырлар», «Саранша» сериалы мен «Қауын», «Біржан сал», «Айналайын» жəне тағы басқа фильмдер қазақ кинематографиясының алтын қорынан ойып тұрып орын алды, - деп жазды министр Facebook-те.

Жайдары мінезді, ортасына сыйлы болған өнер майталманының асыл бейнесі қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады.

- Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, - деді Райымқұлова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер