Дархан Қыдырәлі Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Отандық медиакеңістіктегі ең ірі «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Rgmedia.kz.

2021_05_04_210201074858618e.jpg

«Бүгін отандық ақпарат саласында тағы бір үлкен жаңалық орын алып отыр. Еліміздің ең басты басылымдары – «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды. Оның Басқарма төрағасы лауазымына – елімізге белгілі зиялы азамат Дархан Қуандықұлы Қыдырәліні тағайындадым.

Өткен ғасырдың басында бір-біріне қанаттаса, бірінен соң бір жарық көрген жүз жылдық жылнамасы бар қос газет –халыққа ақпар жеткізуде өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқара білді. Десе де, бүгінгідей ақпараттық технология қарыштап дамыған интернет дәуірінде дәстүрлі баспасөзді заман көшіне сай жаңғыртып отыру – уақыт талабы. Сондықтан Үкіметтің Қаулысымен қабылданған бұл өзгеріс отандық медианың даму бағытындағы кезекті маңызды қадам деп санаймын.

Әрине, екі газетті біріктіру – оның біреуі өз жұмысын тоқтатады дегенді білдірмейді. «Казахстанкая правда» газеті өзінің қалыптасқан брендтік атауын сақтайды. Басылымды мемлекеттік ақпарат тапсырысы аясында қаржылық қолдау жалғасады. Ең бастысы бұл журналистердің шығармашылығына ешқандай кедергісін келтірмейді.

Қайта бір орталыққа біріккен қос басылымның елді ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамту аясы бірізденіп, оқырман алдындағы тартымдылығы мен сапалы контент ұсыну әлеуеті одан ары артады деп ойлаймын. Біріктіру барысында тек әкімшілік-шаруашылық ресурстар қысқарады. Бірінші кезекте әрине қаржы үнемделеді. Бұл өз кезегінде, шығармашылық ұжымның табысын арттырып, сапалық құрамын күшейтуге тың мүмкіндік болмақ. Ең бастысы, республикалық бас басылымдардың мазмұн-контенті жаңа сапаға көтеріліп, бәсекеге қабілеті күшейе түседі деп санаймын», деп жазды министр Аида Балаева.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер