Шымкенттік ардагерлерге жеңіс күніне миллион теңгеден берілді

Ұлы Отан соғысына қатысқан шымкенттік 21 ардагердің әрқайсысына материалдық көмек берілді. Қан майданда от пен судың ортасында жүріп, ерлікпен шайқасқан ардагерлердің қатары жыл өткен сайын азайып барады. Дегенмен, Ұлы Жеңісті сыйлаған аталарымыздың ерлік ісін бағалау, құрметтеу өскелең ұрпақтың азаматтық борышы. Осы орайда Шымкент қаласында тұратын соғыс ардагерлерінің есепшоттарына 360 АЕК немесе 1 050 120 теңге көлемінде бір реттік ақшалай төлем аударылды.

image.png

Мұндай көмек тыл еңбеккерлеріне де тиесілі. Қала әкімдігі тарапынан  3307 тыл ардагеріне 12 АЕК немесе 35 мың теңгеден астам біржолғы ақшалай төлем берілді. Тыл ардагерлері үшін материалдық көмекке барлығы 115 млн 758 мың теңге бөлінді.

- "Ұлы Отан соғысына қатысушыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсету әрдайым жүзеге асып келе жатқан игі істің бірі. ҚР Тұңғыш Президенті —  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерге құрмет көрсету ісінің даңғыл үлгісін көрсетті. Игілікті істі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та  жалғастыруда, - дейді Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамудин РЫСБАЙ. – Соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің мәселесі  мемлекет пен қоғамның назарынан ешқашан тыс қалған емес. Біздің міндетіміз - ата-бабаларымыздың ерліктерін ұмытпау".

image.png

Айта кету керек, әлеуметтік көмек бұл күндері Шымкентте Отан қорғаушылар күніне қатысы бар өзге де азаматтарға беріледі. Атап айтқанда соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтар мен Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандар, Семей полигонындағы ядролық қару сынақтарының салдарынан мүгедек болған, радиациялық апаттар мен авариялардан зардап шеккен азаматтарға да мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. Атап айтқанда оларға 36 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек аударылады,  бұл 105 012 теңге.

image.png

Қазір Шымкентте жалпы 82 124 зейнеткер бар. Олардың 21-і  ҰОС ардагері, 3307-сі тыл еңбеккері және 1728-і  ҰОС қатысушыларына теңестірілген ардагер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер