Шымкентте бұрынғы судья алаяқтық жасағаны үшін сотталды

image.png

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының бұрынғы судьясы Жанат Мүсірәлі алаяқтық жасады деген айыппен 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды  Rgmedia.kz.

Ол сотталушылардың бірінің жазасын жеңілдету үшін оның әйелінен 110 миллион теңге алған деп күдіктелді.Осы қылмысқа байланысты үш адам жазаланып отыр. Олар: судья Жанат Мүсірәлі, адвокат Мұрат Жахаев және кәсіпкер Айдар Алтаев.  Сот сотталушылар Д., А. және М.-ны «Алаяқтық» бабымен кінәлі деп таныды. 

«М.-ға мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Д.-ға адвокаттық қызметпен айналысуға 7 жылға тыйым сала отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. А.-ға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» деп жазылған сот шешімінде. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция қабылдануына байланысты бірқатар азамат мемлекеттік награда алды
  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер