Биыл 20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге қалдырылды

image.png

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі. 

2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызмет өткеретін азаматтар микрокредиттер мен банктік қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру құқығына ие болды. Қағидаларға сәйкес, барлық қызмет ету мерзіміне және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде пайыздар, айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмей төлем мерзімі кейінге қалдырылады.

2025 жылдың басындағы деректерге сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақырылған 22,4 мың қарыз алушының 20,1 мыңының қарыздары кейінге қалдырылды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция қабылдануына байланысты бірқатар азамат мемлекеттік награда алды
  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер