Қазақстандағы ең бай бизнесмендер тізімі жарияланды

image.png

2025 жылдың 1 сәуірінде америкалық Forbes әлемнің ең бай бизнесмендерінің жаһандық рейтингін жариялады. Бұл рейтингке жеті қазақстандық бизнесмен енген деп жазады  RGmedia.kz тілшісі. Әлемдегі ең бай бизнесмендер рейтингінде бірінші орынды Илон Маск, екінші орынды Марк Цукерберг, ал үшінші орынды Джефф Безос иеленді.

Ал қазақстандық байлардың көшін Вячеслав Ким бастап  тұр.  Оның капиталы 5,8 млрд доллардан 7,1 млрд долларға өскен. Екінші орынға Тимур Турлов жайғасты. Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турловтың байлығы 3,3 млрд доллардан 5,8 млрд долларға дейін өскен.  Рейтингтің үшінші сатысында Владимир Ким (байлығы 3,6 млрд доллардан 5,7 млрд долларға өскен) тұрса, Тимур мен Динара Құлыбаевтар  (байлығы 5,3 млрд доллар деп бағаланып отыр) екінші орыннан төртінші орынға түсіп, ал Болат Өтемұратов рейтингтің алтыншы орнын иеленді.

Forbes журналының жаңа санындағы табысты қазақстандықтардың  арасында Kaspi.kz-тің тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе де бар. Ол 5,9 млрд доллар байлықпен жаһандық рейтингте 597-орынға жайғасты. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар Астана күніне орай неше күн демалады?
  • Сенат рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдады
  • Ішкі істер министрі Кәрім Мәсімовтың қазіргі жағдайын айтты
  • 146 талапкер ҰБТ-дан шеттетілді
  • Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер