Бір аптадан кейін Қазақстанда смартфондар бұғаттала бастайды

image.png

Наурыз айынан бастап смартфондарды тіркеудің жаңа тәртібі енгізілуәне байланысты Қазақстанда 25 мамырдан бастап «қара тізімдегі» телефондар байланыс желісінен ажыратылады деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі. Бұл  тіркелмеген смартфондарға қатысты.  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл шараны көлеңкелі нарықпен күресу үшін енгізіп отыр. Смартфон сатуға тыйым жоқ. Тек олар тіркеуден өтуі тиіс.Енді барлық құрылғылар үш тізімнің біріне енгізіледі:

Ақ тізім – ресми тіркеуден өткен, заңды түрде қолданылып жүрген құрылғылар.

Сұр тізім – статусы белгісіз смартфондар. Олар 30 күнге дейін жұмыс істей алады.

Қара тізім – IMEI-коды жалған немесе қате енгізілген құрылғылар. Бұл телефондар 25 мамырдан кейін мүлде жұмыс істемейді.

Егер смартфонды Қазақстандағы ресми дүкеннен немесе маркетплейстен сатып алсаңыз, онда сатушы өзі құрылғыны тіркеуге міндетті. Қазір отандық платформалар IMEI-кодты сайтта көрсету мүмкіндігін енгізіп жатыр. Бұл сатып алушыға құрылғының заңдылығын алдын ала көруге мүмкіндік береді.

Наурыздан кейін елге заңсыз жолмен кіргізілген, тіркеусіз сатылған құрылғыларға қауіп бар. Бұл, әсіресе, шетелден әкелінген арзан смартфондарға қатысты. Мұндай құрылғысы бар адамдар 24 мамырға дейін тіркеуден өтуі тиіс. Әйтпесе, байланыс мүлде өшіріліп, смартфондар бұғатталады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • «Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер