ІІМ педофилдерді өмір бойы бақылауға алмақшы

image.png

 Ішкі істер министрінің орынбасары педофилдерді жазасын өтеп шыққаннан кейін бақылау мерзімін «шексіз кезеңге» дейін ұзартпақшы деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы министрдің орынбасары Игорь Лепеха Мәжілісте өткен отырыстан кейін мәлім етті. 

Журналистердің сұрағына жауап берген Игорь Лепеха құқық бұзудың алдын алу үшін бұрын істі болғандар мен әрекеті күмәнді азаматтардың сыртынан бақылау шарасын күшейту жоспарланып отырғанын айтты. Ол бұл жаңашылдықтың қалай іске асуы мүмкін екенін педофилдердің мысалымен түсіндірді.

— Қазір педофил жазасын өтеп шыққаннан кейін 8 жыл бойы біздің бақылауымызда болады. Енді сол мерзімді шексіз кезеңге дейін ұзарту мәселесін пысықтап жатырмыз, — деді министрдің орынбасары.

БАҚ өкілдері «шексіз кезең» деген ұғым өмір бойына дегенді білдіре ме деп сұрады.

— Біз солай болса деп отырмыз. Өмір бойына есепте тұрғанын қалаймыз. Ол бақылаудың ішіне белгілі бір шектеулер де кіруі мүмкін. Мысалы, оған мектепке немесе балабақша маңына жақындауға тыйым салуға болады. Ондай шектеуді сот белгілейді. Сот шешімін бұзса, біз шара қолданамыз. Қазір мұндай шаралар 8 жыл көлемінде ғана қолданылады. Енді соның мерзімін әлдеқайда ұзартқымыз келеді, — деді ІІМ өкілі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 146 талапкер ҰБТ-дан шеттетілді
  • Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?
  • Елімізде азаматтық пилотсыз авиацияны дамытудың тұжырымдамасы бекітілді
  • Қазақстанда вольфрам мен галлий өндірісі іске қосылады
  • Қазақстанға ресми сапармен Болгария Президенті Румен Радев келе жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер