Биыл картоп бағасы тағы қымбаттай ма?

image.png

Қазақстандықтар биыл  картоп тапшылығын көре ме? Бұл сауалға Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан соң өткен брифингте жауап берді деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі. 

Министрдің айтуынша, биыл елімізде картоп тапшылығы болмайды. Ол сондай-ақ   былтырғы жылы  картоптың не себепті қымбаттағанын түсіндірді. 

"Жалпы былтыр картоптың шығымы жақсы болды. 600 мың тоннаға жуығы экспортталды. Ал импорт көлемі – небәрі 60 мың тонна, бұл экспорттың 10 пайызын ғана құрайды. Осы жағдайларды ескере отырып, биыл картоп егетін алқапты 9 мың гектарға ұлғайтып жатырмыз. Сондықтан былтырғыдай жағдай қайталанбайды деп ойлаймын", – деді министр.

Айдарбек Сапаров картопты сақтау мәселесіне де тоқталды. 

"Қазір бізде картоп сақтау орындарын салу жүріп жатыр. Бұл бағытта арнайы индикаторлар мен жол картасы бар. “Солтүстік” жобасы аясында кәсіпкерлерге 2,5 пайыздық несиемен қойма салуға мүмкіндік берілген. Егер жеке кәсіпкер өнімін сақтай алмай жатса, бізге хабарласуына болады. Министрлік тарапынан қолдау көрсетеміз", – дейді ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • «Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер