Көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

image.png

Қазақстан гимнастика федерациясы көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалғанын  мәлімдеді. Бұл қызметке Лола Әділбекова келді. 

Лола Исламқұлқызы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттарының қатысушысы және 2002 жылғы Азия ойындарының командалық есебінде күміс жүлдегері.

Лола Әділбекова бапкерлік қызметін 2010 жылы Шымкент қаласында бастаған. Соңғы жылдары ол Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды. 2018 жылы Лолаға «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.

Қызмет жолында Лола Әділбекова халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсеткен бірқатар талантты спортшыларды дайындады. Олардың қатарында Азия чемпионы және Азия ойындары командалық жарысының жеңімпазы Даяна Әбдірбекова, жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың қатысушысы Роза Әбитова бар. Сондай-ақ бұл тізімге жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалисі Эльжана Таниева, 2023 жылғы Азия ойындарының командалық жарысында күміс жүлдегер атанған және жекелей көпсайыста қола медаль алған Милана Парфилованы қосуға болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
  • Назым Қызайбай тарихи алтын үшін қанша сыйақы алады?
  • Үшінші алтын: Аида Әбікеева әлем чемпионы атанды
  • Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады
  • Михаил Шайдоров Денис Теннің жетістігін қайталады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер