Түркістан облысында 618 мың адам спортпен шұғылданады

82470359_2904538806262880_3606690325730426880_n.jpg

Түркістан облысынан Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензиялық жарыстарға 17 спортшы қатысады. Бұл туралы Түркістан облысының Коммуникациялар қызметі мәлімет таратты деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі. 

Түркістан облысының спортшылары ҚР чемпионаттарында жалпы 839 медальға (273 алтын, 274 күміс және 292 қола) қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында 139 медаль (68 алтын, 44 күміс және 27 қола) иеленген. Ал, Әлем чемпионаттарында жалпы 72 медаль (31 алтын, 20 күміс және 21 қола) жеңіп алды. Жалпы өңір спортшылары барлық чемпионаттарында 372 алтын медальға ие болған. 

82827884_2904539072929520_3360005825362919424_n.jpg

2019 жыл қорытындысымен облыста 13 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 39 ҚР спорт шебері, 180 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды. Түркістан облысынан Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензиялық жарыстарға 17 спортшы қатысады. 

Айта кетерлігі, Түркістан облысында 67 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары бар. Сондай-ақ, ағымдағы жылы облыста 4413 спорт нысаны тіркеліп, бұл көрсеткіш, 2018 жылмен салыстырғанда 149 спорт нысанға артқан. 

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткен жылы облыс аумағында 4776 шара өтіп, оған 609 мыңнан астам адам қамтылды. Жыл қорытындысымен облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 618361 адамға жетіп, облыстағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 30,7 пайызды құрады. 

ҚР Үкіметінің «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы» №938 қаулысына сәйкес, 2020 жылы – 2, 2021 жылы 6 спорттық нысан ел игілігіне беріледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спортшы Илья Ильин сәбилі болды
  • Қазақ боксының ақыл-ойы
  • 83 жастағы Қазақстан азаматы Түркияда чемпион атанды
  • Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
  • Футболдан Қазақстан чемпионаты енді OLIMPBET деп аталады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер