Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

бенди.jpg

Бендиден (допты хоккей) Қазақстан құрамасы биылғы әлем чемпионатына қатысудан ресми түрде бас тартты. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан бенди қауымдастығының менеджері Нұрлан Оразғалиевтің айтуынша, мұндай шешім әлемдегі коронавирус дертінің өршуіне байланысты қабылданған. 

Әлем чемпионаты 29 наурыз бен 5 сәуір аралығында Ресейдің Иркутск қаласында өткізілуі тиіс. Қазақстан құрамасы биыл А турнирінде сынға түсетін еді. Қарсыластары – Швеция, Ресей, Финляндия, Норвегия, АҚШ, Германия және Эстония құрамалары. Бүгінгі күнге дейін қазақстандық бендишілер әлем чемпионатында 6 мәрте (2003, 2005, 2012, 2013, 2014, 2015) қола жүлдегер атанды. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спортшы Илья Ильин сәбилі болды
  • Қазақ боксының ақыл-ойы
  • 83 жастағы Қазақстан азаматы Түркияда чемпион атанды
  • Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
  • Футболдан Қазақстан чемпионаты енді OLIMPBET деп аталады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер