83 жастағы Қазақстан азаматы Түркияда чемпион атанды

желаяк.jpg

Қызылорда облысы Қазалы ауданының 83 жастағы тұрғыны Аққоян Ырсалиев Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық турнирде чемпион атанды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық жарыста түркиялықтармен бірге Франция, Германия және Қазақстаннан жасы сексеннен асқан спортшылар қатысты. Жүгіруді жастайынан жанына серік еткен қазалылық қария мыңнан астам желаяқтың арасында алтын медальді ұтып алды. Теміржол саласының ардагері Аққоян Ырсалиев жастайынан салауатты өмір салтын ұстанады. Оқушы кезінде бокспен айналысқан. Азаматтық борышын әуе-десант әскері қатарында өтеген ол парашютпен 281 рет секірген. Бүгінде қария ардагерлер арасында өтетін дойбы, шахмат, нысана көздеу, жүгіру жарыстарында жүлделі орындар алып жүр. Сондай-ақ, күн сайын таңертең жүгіріп, жаттығу жасайды. 2011 жылдан бері Алматы марафонына қатысып жүр. 2015 жылы аталмыш жарыста алтын медаль алды. Сергектікті серік еткен қария күн сайын кемінде 10 шақырым жүгіреді. Ал жарысқа барар алдында 30 шақырымды бағындырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Назым Қызайбай тарихи алтын үшін қанша сыйақы алады?
  • Үшінші алтын: Аида Әбікеева әлем чемпионы атанды
  • Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады
  • Михаил Шайдоров Денис Теннің жетістігін қайталады
  • Абзал Әжіғалиев түркістандық жас спортшыларымен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер