Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «әдеби-сазды кеш өтті

Шымкентте М.Әуезов атындағы ОҚУ-да «Бір ел – бір кітап» акция аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби-сазды кеш өтті. 

Screenshot_44.jpg

Ақпараттық-білім беру орталығы мен «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасы мен ұйымдастыруымен өткен кешке профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. 

Кеште сөз алған университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Құрманғали Сарықұлов қарымды қаламгердің өмірі мен қазақ әдебиетіндегі орнына тоқталды. 

Жазып та көрдім мен өлең,

Жазып та көрдім қарасөз.

Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,

Өлмейтін тек дана сөз,

деп жырлаған Бердібек ағамыздың өлмейтін туындылары қазақпын деген әр адамның жүрегіне берік орныққаны айқын. Студент-жастар Бердібек Соқпақбаевтың ең танымал шығармалары қатарынан табылатын, қазақ әдебиетінің алтын қорындағы қомақты туындыларының бірі болған «Менің атым Қожадағы» Қожаның балалық шағын еске түсіретін шағын қойылымды ұсынды. Жалпы балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Соқпақбаев «Менің атым Қожа » атты повестің арқасында әлемге танылды. Бұл туынды «Детская литература» баспасында шығып, содан кейін орыс тілінен көптеген тілдерге аударылып, Франция, Польша, Чехословакия, Болгария секілді шетелдерде жарияланды. Тек содан кейін ғана бұл шығарма өз отанына оралып, қазақ тілді оқырмандардың жүрегінен ойып орын алды. Повесть желісімен «Қазақфильм» киностудиясында көркем фильм түсіріліп, 1967 жылы Канн қаласында өткен Балалар мен жасөспірімдер фильмдерінің халықаралық фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Арада қаншама жылдар өтсе, фильм құндылығын жойған жоқ, көрермені артып, тіпті соңғы жылдары кино қайта жаңа нұсқаларда түсірілуде. 

Бердібек Соқпақбаетың кітаптары ешқашан кітапхана мен дүкен сөрелерінде шаң басып жатқан емес. Жазушының шығармаларын балалар мен ересектер де қызыға оқиды. Барлық жастағы оқырмандар мен ұрпақ классик жазушыны жақсы көреді. Оның «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы», «Өзім туралы», «Балалық шаққа саяхат»шығармалары соның дәлелі. Әдеби кеште жастар көркем сөзбен өрнектелген құдіретті шығармаларды жүректерге жеткізе оқып берді. 

Кеше концерттік бағдарламамен айшықталып, жастар ән айтып, би биледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутат Алматыдағы бетке ұстар театрдың корпоративтік кештерге жалға беріліп жүргенін айтты
  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер