Шымкент: Жәдігерлер — тарихтың куәгері

Соңғы 20 жылда Шмкенттің тарихи орны — «Ескі қалашықта» жүргізілген қазба жұмыстары мегаполис тарихының біз ойлағаннан әлдеқайда көне екендігін дәлелдеп берді.

Screenshot_47.jpg

Қазба жұмыстары кезінде Шымкент қаласының тарихи орны-«Шымкент ескі қалашығынан»  көптеген жәдігерлер табылды. 

Қарахан дәуіріндегі (ХІІ-ХІІІ ғғ) тұрғын үй кешені 2017 жылғы қазба жұмыстары кезінде табылған. Тұрғын үй үш бөлме, екі дәлізден тұрады. Біріншісі ошағы мен сыпасы бар ас үй бөлмесі, едені күйдірілген қызыл кірпішпен төселген. Қарахан дәуіріндегі күйген кірпіштің көлемі 24х24 см., қалыңдығы 3-4 см болған. Бұл бөлмеде үй егелері тамақ пісірген және тамақтанған. Сыпа үстіндегі екі түрлі көлемдегі дастархан, бұл әрі стол және ыдыс, табағында қамыр илеп, келесі бетінде қамыр жайған. Екінші бөлме, бұл жатын бөлме, бұл бөлмеде адамдар ұйықтап тыныққан, Г-тәріздес сыпасы бар, сыпаның астынан жүргізілген кеннің арқасында сыпаның беті жылы болған. Сыпа кереуеттің және отыратын орындықтың қызметін атқарған. Бөлменің ортасында жылжымалы ошақ төсеніш орналасқан, бұл төсенішке шоқ салынған. Үшінші бөлме бұл азық-түлік сақтайтын қойма, ұяшықтар -Закрома деп аталады. Закромада бидай, ұн жеміс-жидектер, көкөністер сақталған.

Сонымен қатар археологиялық қазба жұмыстары кезінде осы дәуірге жататын көптеген сырланған керамикалық бұйымдар – легендер, кеселер, қазандар, майшамдар, ваза тәріздес құмыралар, дастархандар, моншақтар, теңгелер және т.б көптеген жәдігерлер табылған. Табылған жәдігерлер қазіргі таңда камералдық өңдеу үстінде (камералдық өңдеу деген – жапсыру, реставрация, құжаттау және т.б). Өңделген жәдігерлер болашақта осы кешеннің экспозициясына қойылады.  

Сондай ақ, Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ, Сырдария, Іле мен Талас, Шу өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды.

Шымкенттің тарихи орны-«Шымкент ескі қалашығында» келушілердің назарына көптеген жәдігерлер ұсынылған. Соның бірі-арба.  

Арба – екі немесе төрт дөңгелекті болып келеді, ол атқа, есекке, өгізге, түйеге жегілетін жүк таситын көлік. Яғни қолданысына қарай ат арба, өгіз арба, түйе арба, есек арба деп жіктейді. Жалпы қазақ халқы арбаларды екі түрге бөлген: екі дөңгелекті арба жəне төрт дөңгелекті ірі арба. Қос доңғалақты арбалар ойлы-қырлы жерлермен, жолсызбен жүруге, арық-жылғалардан, батпақ пен құмнан өтуге қолайлырақ болып келеді. 

Арбаның дөңгелегі ежелгі түсінік бойынша күн шеңберін бейнелейді деп есептелгендіктен, қасиетті деп саналған. Арба ерте заманнан, әсіресе, ежелгі түрік дәуірінен бастап әскери көлік ретінде де қолданылды. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінде жүк тасу үшін доңғалақтарының диаметрі 2 м-ге дейін жететін қос доңғалақты арбалар пайдаланылған. Оларды қазақтар «қоқан арба» деп атаған. Негізгі материалы ағаштан жасалған. Сонымен қатар шойын бекіт-кіштер де қолданылған. Өлкеде арба жасайтын ұста шеберлері сұраныстарға сай осындай  арбаның түрлерін жасап отырған.

2018 жылғы археологиялық қазба жұмыстары барысында XVI-XVII ғғ. жататын тұрғын үйлердің орындары ашылды. Бұл үйлер толықтай консервацияланған. Бөлмелердің ішінде тандырға ұласқан сыпалары бар, сонымен қатар хұмдар еден бетінен ойылып орналастырылып, ернеуі еден деңгейімен бірдей сыланып қойылған. Бұл хұмдарда астық немесе су құйып қойған. Тандырлардың кені сыпа арқылы өтіп, дуалдың бұрышынан шыққан. Бөлмелерден тас қайрақтар, дән үккіш тастар табылған.

Қорғаныс дуалы мен осы тұрғын кешендерінің ортасында ені 1,5-2 метрге жуық жол ашылған. Жол төрт түлік малдың сүйегінен, керамиканың сынықтарынан және майда тастармен төселген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутат Алматыдағы бетке ұстар театрдың корпоративтік кештерге жалға беріліп жүргенін айтты
  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер