Кітапхана әлеміне экскурсия

Өскелең ұрпақты кітапхана қорымен таныстыру арқылы әдебиет әлеміне тереңірек бойлатып, кітап оқуына ықпал жасау және рухани тәрбие беру мақсатында Сайрам медицина колледжі студенттері Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасына экскурсия жасады.

Screenshot_69.jpg

Экскурсия барысында кітапхана қорындағы қызықты, ғажайып оқиғаларға толы кітаптар, жаңа әдебиеттер және газет-журналдар легімен танысып, өздеріне қажетті ақпараттар алды. Рухани әлемнің сарқылмас қазынасы кітаптың адам өміріндегі маңызды рөлі түсіндіріліп, көркем әдебиетті оқу ұсынылды.

Кітапхана процесін автоматтандыру бөлімінің қызметі кітапхана жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, техникалық инфрақұрылымды арттыруға және қолдауға бағытталған. Электронды ресурстарды, оның ішінде Деректер базасын, электрондық каталогты, web-порталды тиімді басқару, неғұрлым жетілдірілген компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, пайдаланушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Аталған бөлім төмендегіше қызметтер атқарады: кітапхананың техникалық және бағдарламалық құралдарының дұрыс жұмыс істеуін қадағалау; кітапхананың өзіндік электрондық қорларының сақталуын қамтамасыз етеді; электрондық құралдар, бейнероликтер жасау кезінде техникалық қолдауды жүзеге асырады; компьютерлерді, автоматтандырылған бағдарламаларды пайдалану бойынша кітапхана бөлімдерінің қызметкерлеріне көмек көрсету; кітапхана сайттарын жаңа мәліметтермен толықтыру, Facebook, Instagram, ТікTок әлеуметтік желілерінде кітапхананың ақпараттық хабарламаларын орналастыру, өткізілген мәдени-көпшілік іс-шаралар туралы ақпарат беру, әдеби байқаулар, акциялар т.б. жариялау; WEB-РАБИС автоматтандырылған кітапханалық жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; іс-шараларды өткізу кезінде музыкалық және бейне жабдықтарды орнату, іс-шараларды, кітап көрмелерін графикалық безендіру.

Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі – кітапхананың қызмет көрсететін негізгі бөлімдерінің бірі. Басты ұстанымы әртүрлі оқырман топтарына сапалы әрі жедел кітапханалық қызмет көрсету. Кітап қоры мазмұны жағынан әмбебап болып табылады. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми және көркем әдебиеттер, анықтамалық сөздіктер бар.

Оқырмандардың кітап оқуына, кітаппен өздігінен жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасалған. Пайдалы ақпарат, қажетті кеңестермен бөлісуге әрдайым дайын қонақтармен кездесу мақсатында құрылған «Жақсымен өткен жарты сағат» клубы жұмыс жасайды.

Бұл бөлімде мына қызметтер жүзеге асырылады: атаулы күндер мен мерейгерлерге арналған әдеби, тарихи кештер, жаңа кітаптардың тұсау кесу рәсімдері, сайыстар мен түрлі тақырып төңірегіндегі ашық алаңдар, белгілі адамдармен кездесулер өткізу; пайдаланушыларға тиімді және шұғыл, оңтайлы қызмет көрсету, ақпарат көздерін іздеуге және таңдауға кеңес беру; оқу залының кітап қорын пайдаланушының қажеттілігіне сәйкес қалыптастыру; пайдаланушыларға ақпарат құралдарын, әдебиеттерді пайдалану бойынша тұрақты кеңестер беріліп, әңгімелер жүргізу; күнделікті өмірде болып жатқан елеулі оқиғаларды көпшілік іс-шаралар және кітап көрмелерін ұйымдастыру арқылы насихаттау.

Абонемент бөлімінде пайдаланушылардың сұранымын, қызығушылығын, қажеттілігін керекті әдебиеттермен қамтамасыз етіп, жасы мен әлеуметтік ерекшіліктеріне қарай кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Кітапхана қорын барынша пайдалану мақсатында, қорды насихаттап, оқырманға құрамы мен мазмұны жайлы ақпарат береді.

Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау, отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында «Кел, сырласайық қыздар» клубы жұмыс жасайды.

Аталған бөлім оқырмандарға төмендегіще қызметтер ұсынады. Атап айтқанда: пайдаланушыларға қажетті әдебиеттер мен қызметтердің орналасуы туралы толық жан-жақты ақпарат беру; жасөспірімдерді ұлттық және әлемдік әдебиеттерді оқуға, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; балалардың бос уақыттарын дұрыс және тиімді өткізуге бағыттау; оқырмандардың уақытша пайдалануға алған әдебиеттерді өз мерзімінде қайтару мен сақталуына жауапкершілікпен қарауын түсіндіріп, қадағалау; оқырман құрамын, олардың қажеттілігі мен қызығушылығын, ынтасын зерттеу; ақын-жазушылармен шығармашылық кездесулер, әдеби кештер өткізу, айтулы күндер мен мерейтойларға арнап кітап көрмелерін, жаңа кітаптар презентацияларын ұйымдастыру; «Мобильді QR – кітапхана» тақырыбында QR код арқылы смартфонға немесе планшетке Play Market-тен QR code reader программасында оқырмандарға мәтінді тыңдауға болатынын көрсетіп, таныстыру.

Кітапхана директоры Раушан Бабажанова. 1966 жылы 15 ақпанда Шымкент облысы, Созақ ауданы, Шу ауылында дүниеге келген. 1983-1987ж.ж. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген.

1987 жылы еңбек жолын А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітапханашы болып бастап, жетекші кітапханашы, бөлім меңгерушісі, кітапхана директоры орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдың қараша айынан бастап Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының директоры.

Жасөспірімдер кітапханасында руханият, әдебиет, мәдениет тақырыптарында көптеген іс-шаралар өтіп тұрады. Мәселен  «Бір қала – бір кітап» акциясының биылғы жыл кітабы болып таңдалған қаламгерлер М.Байғұт, Ш.Орынбай, Қ.Сарыбаев, Ә.Аймақ шығармашылығына арналған «Ойлы проза, сыршыл өлең» тақырыбында әдеби кеш өтті.

Кітапхана басшысы Р.Бабажанқызы құттықтау сөзімен ашылған кеште ақын-жазушылар З.Қыстаубай, Ш.Орынбай, Т.Төрегелдиев, Қ.Көмек, Ә.Әліп, М.Мұхтар қатысып, жүрек жарды естелік толғанысты ойларымен бөлісті.

Кеште «Ғибраттық ғұмырлар» атты бейнебаян көрсетіліп, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚУ студенттері Ә.Сатбаева, Ж.Елемес, Ж.Тұрдалы, Н.Сералиев талантты суреткерлер Мархабат Байғұт, Шойбек Орынбай прозасы бойынша терең ой талдауларын жасаса, №43 мектеп окушылары А.Танысбек, К.Досымжан және «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру» орталығының шәкірттері сыршыл ақындар Қаныбек Сарыбай, Әбілдә Аймақ өлеңдерін оқып, сезімдерді толқытты.

Саз колледжі студенттері Е.Әсетұлы, А.Абылайхан, Е.Заман мен Ф.Жүзжасарова әннен шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Шымкентте аналар мектебі ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер