«Химфармның» беделі бөлек

Screenshot_14.png

2010 жылы Үкімет Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын қабылдап, онда фармацевтика басымдыққа ие салалардың бірі ретінде белгіленді. Ол кезде елімізде бар-жоғы 8-10 миллион АҚШ долларының дәрі-дәрмегі өндірілетін еді. Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 2020 жылы бұл көрсеткіш 225 миллион АҚШ долларына (шамамен 100 миллиард теңгеге жуық) жетті. Республика бойынша фармацевтика өнеркәсібінде 168 кәсіпорын бар. Оның үшеуі ірі кәсіпорын. Олар: «Химфарм», «Абди Ибрахим Глобал фарм» және «Нобел АФФ» компаниялары. 

Соның ішінде Шымкенттегі «Химфарм» акционерлік қоғамының бір өзі бүкіл республикада шығарылатын дәрі-дәрмектің 45 пайыздан астамын өндіреді. Яғни, шымкенттік кәсіпорын – республика нарығындағы талассыз көшбасшы. Тарихы 140 жылға таяп қалған көне кәсіпорынның жаңа тарихы 2011 жылы басталды десек, қателеспейміз. Себебі, сол жылы Шымкентке «Polpharma» компаниясы инвестор ретінде келді. 2011-2013 жылдары тартылған инвестицияның есебінен фабриканың инфрақұрылымы жетілдіріліп, электрлі жүйелері жаңартылды, жаңа қазандық салынған. Одан кейінгі 2 жылдың ішінде микробиологиялық зертхана мен ампулдық-инфузиондық цех жаңғыртылып, жаңадан қосымша ампулдық цех салынды. Ал 2016-2018 жылдары ұнтақты антибиотиктерге арналған асептикалық қоспалар цехы, жаңа инфузиондық желі, қатты және сұйық преоралдық дәрілік заттар цехтары мен жаңа қойма салынды. Бұл цехтар мен зертханалардың барлығы GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. Айта кетейік, жоғарыда айтылған жобаларға «Polpharma» компаниялар тобы 108 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған.

Бүгінде «Santo» сауда белгісімен танылған кәсіпорын жыл сайын 193,8 млн инъекциялық ампула, 2,6 млн инфузиялық флакон, стерильденбеген сұйық пероралды дәрілік заттардың 7,7 млн флаконын, цефалоспортин қатарындағы антибиотиктердің 35,4 млн флаконын, пенема/мицин қатарындағы антибиотиктердің 14 млн флаконын, тікелей престеу әдісімен жасалған 518 млн таблетка және ылғалды түйіршіктеу әдісімен 135 тонна таблетка өндіреді. Компанияның өндірістік портфелінде терапияның әртүрлі салаларында ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтағы 240-тан астам препарат бар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер