Шымкент: Қызылшаның таралуы төмендеді

17.jpg 

Шымкентте соңғы бір аптада қызылша ауруының таралуы бәсеңдеді. Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына түскен науқастардың саны соңғы жеті күнде 37,3%-ға төмендеген.

Сондай-ақ жедел медициналық жәрдем станциясына қызылшаға күдікті қоңыраулардың түсуі 125-тен 94 қоңырауға дейін (24,8%-ға) азайды.

Бұған дейін айтылған мәліметтерге қарағанда, Шымкентте аталған дертті жұқтырғандардың  84 пайызын балалар құрайды. Олардың 90 пайызға жуығы қызылшаға қарсы екпе алмағандар. Оның ішінде 32 пайызына екпе салдыруға ата-аналары діни себептерге байланысты қарсы болған. Үшінші мегаполисте қызылша ауруының өсуі биыл қыркүйек айының ортасынан басталған еді. 

Мамандардың айтуынша, қызылшаның алдын алудың ең тиімді, сенімді және баламасыз жолы - вакцинация. Қызылшаға қарсы егу – вирусты жасанды жолмен тоқтату. Нәтижесінде ағза өзін тұрақты қорғайтын иммунитет қалыптастырады.  Сондықтан халықты қызылшаға қарсы міндетті вакцинациялау қажеттігін түсіндіру үшін мамандар аула аралау,  ақпараттық-түсіндіру әңгімелесу, діни қоғам өкілдерінің қатысуымен  дөңгелек үстел өткізді. Нәтижесінде, ата-аналар иммунопрофилактика мәселелері бойынша емханаларға жиі жүгініп, балаларды жоспарлы вакцинациямен қамту көрсеткіші 80 пайызға ұлғайған.

Қызылша бойынша іс-шараларға қатысқан 1 144 медицина қызметкері оқытылды, оның ішінде маман қосымша жаппай иммундау бойынша оқытылды.

Халықты қызылшаға қарсы міндетті вакцинациялау қажеттігін түсіндіру үшін 8 729 аула аралау, 6 209 ақпараттық-түсіндіру әңгімелесу, діни қоғам өкілдерінің қатысуымен 174 дөңгелек үстел өткізілді. Нәтижесінде, ата-аналар иммунопрофилактика мәселелері бойынша емханаларға жиі жүгіне бастап, балаларды жоспарлы вакцинациямен қамту көрсеткіші 80%-ға ұлғайған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер