Теңгенің айналымға енгеніне -30 жыл

18.jpg 

 Шымкентте Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының төл мерекесіне арналған іс-шара өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.  

Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қатысып, барша қаржыгерлерді мерекемен құттықтады.

– Төл теңгеміз мемлекеттің дамуында маңызды рөлін атқарады. Мемлекетаралық қатынастарды орнықтырып, қаржы операцияларын орындауы мұның айқын дәлелі. Қаржы саласындағы мыңдаған қызметкерлердің еңбегімен айналымдағы теңгеміз қаншама жетістіктерге қол жеткізді. Сондықтан да бүгінгі мерекемен қаржы саласының барша қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, еселі еңбек тілеймін, – деді А.Кәрімов.

Бұдан бөлек, қала әкімінің орынбасары қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, осы салаға еңбек сіңірген зейнеткер қаржыгерлер мен сүбелі еңбектері үшін бірқатар қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттап, сый сияпат табыстады. Мереке қарсаңында мектеп оқушылары арасында да төл теңгемізге арналған сурет байқауы өткен.

Салтанатты жиында сурет байқауының жеңімпаз оқушылары да марапатталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып,, көрерменді әуезді әнмен мерекелік көңіл-күйге бөледі.

Айта кетейік, 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз айналымға енген. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 30 жыл бұрын Қазақстанда нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру өте күрделі экономикалық жағдайлар кезінде басталды. Нарыққа көшу қиын болды, өйткені Қазақстан сыртқы қаржы факторларына тәуелді болды. Осындай күрделі экономикалық жағдайда елде өзінің ұлттық валютасын енгізуге дайындық жүргізілді.

Биыл төл теңгемізге — 30 жыл.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер