Шымкентте «GraMad» сауда желісінің 24 нысаны жұмыс жасаса, халықтың тығыз орналасқан аймағы Абай ауданы, Сырым батыр көшесі №2 мекен-жайында 25 нүктесі іске қосылды.
Нысанның жалпы алаңы 200 шаршы метрді құрап отыр.
Жалпы 60 млн. теңге жеке инвестиция құйылып, 10 жаңа жұмыс орындарымен қамтылды.
«GraMad» сауда желісі 2019 жылдан бастап үй жанындағы дүкен форматына көшіп, өз тұтынушыларына алуан түрлі тауарлар ассортиментін ұсынып, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе «GraMad» сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағдарламасының қатысушысы болып табылады.
Сауда желісі айналым қаражат есебінен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатуда.
Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, мегаполисте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, бюджеттен 8,7 млрд.теңге бөлініп, 200-ге жуық сауда орындарында бірінші қажетті азық-түлік тауарлары нарықта төмен бағада сатылып келеді.
Айта кетейік, «азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қала әкімінің қаулысы қабылданып, азық-түлік сататын кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру механизмі жүргізілген болатын.
«Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан қарыз алушы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Атап айтқанда, олар «Магнум» сауда желісінің саны – 31, «Грамад» сауда желісіның саны – 24, ет өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтарының нүктесі – 10, ірі базар аумақтарында орналасқан көкөніс өнімдерін сататын жылжымалы сауда нүктесі – 6, халықтың тығыз орналасқан аймақтарындағы үй маңындағы кіші дүкендер – 129.
Қазіргі уақатты қала бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, баға тұрақты бақылауда.
Апта сайын жергілікті тауар өндірушілерімен шаруа қожалықтарының және көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда, жыл басынан бері 300 жәрмеңке өткізілді.