Әлеуметтік қызметтер порталы – қолжетімдң қызмет

image.png

Олар мейірімді, көзқарастары, ой-тұжырымдары, түйсіктері бөлек. Бойдағы күш-жігер, іштегі бұлқыныс оларды өмірді ынта-шынтасымен сүюге жетелейді. Табиғатынан талантты, талапты жандардың бұл тобы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Елімізде оларға жан-жақты қолдау көрсетіліп, кедергісіз орта қалыптастыруға жағдай жасалған. Ел басшысы Қ.Тоқаев «Қазақстанда ешкімнің құқығы шектелмеуі керек», деп ерекше күтімді қажет ететін жандарға ыңғайлы орта қалыптастыру қажеттігін тапсырды.

Осы орайда Президенттің тапсырмасына сәйкес Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау және қолдау бағытындағы мемлекеттік шаралар жыл сайын жетілдіріліп, жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше қазіргі уақытта қала аумағында 42 479 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген, оның ішінде 8 275-і – 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.

Мүгедектігі бар азаматтарды қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі – әлеуметтік қызметтер порталы. Бұл цифрлық платформа арқылы азаматтар қажетті техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен өз бетінше тапсырыс бере алады. Жүйенің қолжетімділігін арттыру мақсатында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылып, мұнда білікті мамандар тарапынан кеңес пен көмек көрсетіледі.

2025 жылдың басынан бері оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес барлығы 41 788 өтініш қабылданып, оның 72,2 пайызы немесе 30 167 өтініш қанағаттандырылды.

Әлеуметтік қызметтер жүйесін цифрландыру – азаматтардың қажеттіліктерін дер кезінде, ашық әрі ыңғайлы түрде қанағаттандыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл бастамалар инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау үшін 150 орындық оңалту орталығының құрылысына 5,4 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, психоневрологиялық аурулары бар азаматтарға арналған орталыққа қосымша 50 орындық ғимарат салынып жатыр. “Кедергісіз келешек” жобасы аясында 2025 жылы 259 әлеуметтік нысан бейімделеді. Бұл шаралар тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Халық қалаулысы мәдениет және өнер қызметкерлерімен пікірлесті
  • Қайнарбұлақ тұрғындары дән риза
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер