Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді

image.png

Медицина саласындағы басты мақсат  халық  денсаулығын сақтау, өскелең ұрпақтың саулығын қамтамасыз ету ісіне озық технологиялар енгізу, қала, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. Осы орайда үшінші мегаполисте бұл салада жаңашылдық көп. 

Шымкентте жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 1,8 миллиард теңгеден астам қаражатқа 500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетілді. Кардиохирургия мен нейрохирургия салаларындағы мұндай операциялардың құны бірнеше миллионнан бастап 70 миллион теңгеге дейінгі қаражатты құрайды. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова жалпы биылғы жылы қалада қымбат бағалы әрі күрделі 1500 -ға жуық операцияны қаржыландыру жоспарланғанын атап өтті. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2026 жылдан бастап онкологиялық скринингтер ТМККК тізіміне өтеді және МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін тегін болады. Бұған қоса, бұрын тек туберкулез бен АИТВ-ға ғана тегін тексеру жасалса, енді оған қоса созылмалы вирусты гепатиттер мен бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар орфандық аурулар, жедел миокард инфаркті, инсульт ауруларына күдік туындаған жағдайда консультативтік-диагностикалық көмек  тегін көрсетілетін болады. 2026 жылдан бастап МӘМС-тің базалық пакетіне амбулаторлық диализ, сондай-ақ динамикалық бақылауды қажет ететін созылмалы аурулардың 12 тобы бойынша консультативтік-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету, жоспарлы түрде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек кіреді.

Жыл басынан бері медициналық ұйымдарда шымкенттіктерге МӘМС есебінен 3,5 миллионнан астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, қаржыландырудың қомақты бөлігі мамандандырылған стационарлық көмек көрсету және жоғары технологиялық операцияларға жұмсалады. Медициналық мекемелерде биылғы жылы 137 мыңнан астам науқас стационарлық ем алған. Оның ішінде 120 мыңнан астам адамға көмек МӘМС есебінен, қалғаны тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында емделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Халық қалаулысы мәдениет және өнер қызметкерлерімен пікірлесті
  • Қайнарбұлақ тұрғындары дән риза
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер