Ұлттық аспапты ұлықтаған жан

image.png

Мемлекет басшысы  «Еңбекқорлық біздің негізгі құндылығымыз  болуы қажет. Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз» деп адал еңбектің басты құндылық екеніне ерекше назар аударғаны белгілі. 

Халқымыздың ұмыт бола бастаған қaзaқ кәciпшiлiгiн қайта жандандыруда ұрпаққа өнеге ретінде салт-дәстүрлер мен қолөнерді сақтап, зергерлерді, суретшілерді және ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласында елеулі жетістікке жеткен қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу  өзекті болып отыр.

«Ұсталық  көнеден үзілмей келе жатқан киелі кәсіп. «Ұсталы ел озар, ұстасыз ел тозар» деген халқымыз темірден түйін түйіп, ағаш жонған ісмерді «темірші», «дарқан», «ұста» деп төбесіне   көтеріп қадірлеген. Бүгінде ұсталар заманға бейімделген, нағыз сұраныстағы мамандардың бірі. Сондай еңбек адамының бірі – Дастан Шаметов. Ол қазақтың ұлттық аспабы домбыра жасаудың шебері. 

1977 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Шымкент қаласына қоныс аударып, сол жерде домбыра жасау ісін бастады. Содан бері ұлттық аспаптарды жасаумен айналысып келеді. Дастан Шаметов — кәсіби деңгейдегі, концерттік мақсаттағы домбыралардың бірнеше түрін жасайтын шебер ретінде танымал.

«Бала күнімнен ағаш шеберханасында жұмыс істеуді армандағанмын. 1994 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында мектепті бітірген соң, ауылдағы әуесқой ұста Молдабек Сәдібековке көмекші болдым. Алғаш Кеңес кезінде цехтан шыққан домбыраның жарығын жамап, жөндеуден бастадым. Ол кездері ағаштың түрін де ажырата білмеймін. Тіптен, ауылдарда қауақ деп аталып кеткен ыдысты домбыраның шанағына пайдаланып, бетіне фанер жабыстырып, жоқтан бар жасайтынбыз. Екі жылдай Молдабек ағайға көмекші болып, 1996 жылы отбасымызбен Шымкентке көшіп келдік. Қалада орнығып алған соң, 1999 жылдан бастап кәсібімді қайта қолға алдым. Алғашқы ұстазыммен бірге 2004 жылға дейін домбыра жасадық. Қалаға келіп, ізденіп, домбыра жасаудың қыр-сырын меңгердік.  Өзіме кәсібім ұнайды. Қазақтың ұлттық аспабы домбырасын жасап, қазақ болып жүргеніме мақтанамын»,- дейді шебер.  

    Бүгінде Дастанның қолынан шыққан күмбірлеген домбыралар   Шымкенттегі саз мектептері, жекеменшік өнер студияларының оқушыларының қолында жүр. Тіптен, шымкенттіктер қонақкәде ретінде шетелге де алып кетіп жатады екен. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер