Еңбегімен ортаға бейімделді

 image.png

Еңбек - адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, өнерге және тағы басқа өмір сүру қажеттілік-терін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін  еңбектің  нәтижесінде  дүниеге келген. «Еңбек – бәрін де жеңбек», – деген аталы сөз бар ел ішінде. Еңбек адамы бір кездері, яғни Кеңестер кезеңінде ең жоғарғы тап дейміз бе, топ дейміз бе, әлде бір ұжымның жиынтығы дейміз бе, қалай дегенде де, ең басты назардағы адамдар болған. Қазір де еңбек адамдары ел назарында. 

    2009 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасымен  Шымкенттегі «Асар» шағын ауданына қоныс аударған Алдияр Әбдісаліұлы да еңбектің нәтижесінде аяққа тұрып, тұрмысын түзеп, ортаға сіңісіп кетті. Сол жылы бастамашыл азамат Айтуғанов Қайрат Қапарұлының қолдауымен әр үйдің іргесіне үш сотықтан жылыжай салынды.

Содан бері 15 жылдан астам уақыт бойы жылыжай шаруашылығымен айналысып келеді. Көктемде – қызанақ, күзде – бәдірен егеді. Бір маусымда 4-5 тонна қызанақ, 3-4 тонна бәдірен алады.

Биылғы өнімнің бір айлық табысымен-ақ үйдің берешегін жауып, тұрмысын түзеуге сеп болды. 

Алдияр аға Шымкент халқын таза, балғын көкөніспен қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді. «Ата-бабаларымыз «Еңбек түбі – береке» деп тегін айтпаған. Жұлқынып істеймін дегенге жұмыс бар. Тек масылдыққа маданбай, мемлекетке қайта-қайта қол жайғаннан, қайырлы -  еңбек қоғамына қарай қадам басқаның. Қалған қамың қолда қуат болса, қара күш, қарекетпен де табылады. Қалай десек те, заман көшінен қалмай, екі қолға бір күрек алып, ниет еткен адамға іс табылары сөзсіз. Адам- еңбегімен сүйкімді, қай уақытта болмасын, адамзат баласы бір-бірінен білім мен пайым-парасаты арқылы ерекшеленген. Жастарға адал жолмен жүруге, әділдіктен аттамауға үйретіп, еңбекке баулу міндетіміз. Жылыжайдағы жұмыс – мен үшін тек кәсіп емес, өмірлік ұстаным!» - дейді ол. 

Расында да, адамзат баласын бір-бірінен ерекшелеп, екпеп тұрған – білім мен еңбек. Сондықтан қоғамда еңбек адамына деген құрмет ерекше болары хақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Нағыз еңбек диқаншылық
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер