Тіл мамандары бас қосты

 0260.jpg

     Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасында қойылған талаптардың бірі - латын әліпбиіне жүйелі түрде көшу. Ол үшін ең бірінші - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әліпби оқытылып, жазу-сызуды үйрету керек. Осыған байланысты тіл мамандары мен педагогтар Шымкентте әдістемелік республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Онда ұстаздар латын әліпбиіне көшудің стратегиялары туралы идеяларымен бөлісті. Латын әліпбиіне көшу мәселесі былтыр қолға алынды. Ғалымдар алфавитің  бірнеше нұсқасын ұсынған болатын. Биылғы жылдың ақпан айында Елбасымыз екінші нұсқаға тоқталып, осы нұсқаны жетілдіре түсу туралы тапсырма берген болатын. Қазіргі әліпбиді жетілдіре отырып қолданысқа енгізу филологтар мен педагогтарға жүктелген міндет. Бұл ретте мамандар пікірлері мен ұсыныстарын жеткізуде. Сонымен қатар нақты жұмыс жоспары бекітіліп, жаңа әліпбиді қолданысқа енгізу бойынша атқарылатын жұмыстар сараланды. «Күн тәртібінде кезек күттірмейтін 3 мәселе болып отыр. Оның біріншісі: маман даярлау.Екіншісі білім бағдарламасын жаңғырту және үшіншісі білім ресурстарын дайындау. Міне осының бәрі қыруар жұмысты талап етеді.  Қазір латын тілінде кітаптар дайындалып жатыр», - дейді «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша институтының кафедра меңгерушісі Меруерт Медетбекова. Әліпбиді қолдану халыққа ыңғайлы болу керек. Онда қазақ тілінің өзіндік ережелері мен заңдылықтары сақталғаны абзал. Қазіргі таңда ғалымдар осы бағытта жұмыс істеп жатыр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер