Өз емханаңызды таңдаңыз! Әрбір азамат өзі қалаған кез-келген медициналық мекемеге тіркеле алады. Ол үшін емделушінің емханадан шығу туралы талоны мен жеке куәлігі болуы тиіс. Жүйенің артықшылығы неде? Денсаулық сақтау саласының мамандарының сөзінше, жылдан жылға емханаға тіркелгендердің саны көбеюде. Мәселен, өткен жылы тіркеу науқаны барысында емхана таңдау құқығын пайдаланған тұрғындар саны - 25 мыңнан асқан. Науқан Шымкент қаласында да бастау алды. «Шымкент қаласында 14 мемлекеттік емхана қызмет етеді. Бірақ, әрқайсына тіркелген халық саны өте көп. Мәселен, норматив бойынша орта түрде 50-55 мың адам тіркелуі керек. Қазіргі таңда 70 мыңнан астам тіркелген адамдар бар. Сол үшін қазір біздің саясатымыз жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерде халыққа көмекті жақындату үшін мемлекеттік, жеке меншік болсын дәрігерлік амбулатория ашылады»,- дейді Шымкент қалаллық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов.
Айта кетейік, емханаға тіркелу үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен емханаға барып, бас дәрігердің атына өтініш жазсаңыз, болғаны. Ал егер, үйден шыға алмаған жағдайда, «Электронды үкімет» e-Gov порталы арқылы да тіркеле аласыз.