«Рухани жаңғыру – ұлттық бағдар»

260.jpg

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Шымкент жоғарғы медицина колледжінің» студенттері арнайы флэшмоб өткізді.

«Рухани жаңғыру – ұлттық бағдар» атауымен өткен шарада шәкірттер бір мезгілде күй орындап, қара жорға биін биледі. Ұлттың реңк, ұлттық нақыш. Шәкірттердің жасаған қимыл, әрекетінен есіліп тұрды. Хакім Абайдың қара сөздері мен жанға шуақ сыйлайтын әндерін орындаған студенттер мақал-мәтел айтудан «сөз шебері» сайысын ұйымдастырды. Рухани азық сыйлайтын Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова сынды ақын жырларынан төгілте өлең оқығандар заманауи авторлардың да кітаптарымен танысуды ұмыт қалдырмады. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Осыны ұстын еткен 30 студент «Адай» күйін нақышына келтіре орындады. Одан соң тағы 50 жас «Қаражорғаға» флэшмоб биледі. «Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен, Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді» - дейді жастар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер