Сенаторлар халықпен жүздесті

86.jpg

Жақында Шымкенттен сайланған Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды Шымкент тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауының басым бағыттарын нақтылады. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауды талқылау жиынына қала мұғалімдері, ардагерлер, жалпы Әл-Фараби ауданының тұрғындары қатысты. Жолдауды іске асыру талқылау жиынын қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай жүргізіп отырды. Сенат депутаттары Елбасының халыққа арнаған Жолдауындағы негізгі бағыттарды түсіндіріп берді. «Жолдауда негізгі  6 басымдық белгілі. Азаматтардың жалақысын арттыру, тұтынушылар мен монополситер арасында ашықтық, бизнес саласындағы қолдау, педагогтар мәртебесін қабылдау сынды маңызды басымдықтарды бірлесе жүзеге асырайық. Жалпы, Жолдау әлеуметтік-экономикалық дамуға зор серпін береді», – деді Нұрлан Құдиярұлы. Дархан Амангелдіұлы да ең төменгі жалақыны арттыру, әлеуметтік саланы қолдауда жүзеге асатын бағыттарды жан-жақты ашып, түсіндіріп өтті. Халық қалаулылры әрі қарай білім, денсаулық сақтау саласындағы мәселелер бойынша халықпен жүздесіп, ұсыныстарды тыңдауға дайын екендерін айтты. Жиында сөз алған шымкенттіктер Жолдаудағы нақты іс-шараларға қолдау көрсететуге дайын екендерін жеткізді

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ
  • ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ
  • Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті
  • В Шымкенте состоялся второй республиканский турнир «Respublica Asyq Atu»
  • Верность делу длиною в полвека
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер