Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтарын халық санасына сіңірудің ерекше маңыздылығын айтып өткен болатын. Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қазақ халқының тарихынан елеулі орын алатын Қазақстанның қасиетті орындарын анықтап, оның тізімін жасау қолға алынды. Ғылыми-сараптамалық кеңес ашылып, оған белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тартылды. Аймақтарда жергілікті өлкетанушылар мен ғалымдар, облыстық, қалалық әкімдіктің қатысуымен қасиетті орындарды анықтау үшін арнайы жұмыс топтары құрылды. Солардың ұсынысы бойынша Қазақстанның 100 қасиетті орындары мен кешендерінің тізімі анықталды.
«Қазақстанның қасиетті орындары мен кешендері» ретінде ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұраның, зайырлы және діни сәулеттің айрықша қастерлі ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын нысандар мен кешендер кірді. Соның ішінде діни және ғұрыптық орындар да бар. Діни және ғұрыптық орындар қатарына Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында орналасқан, яғни сасыз бабтар мекені Сайрамдағы кесенелерді жатқызуға әбден болады.
Солардың бірі Ибрагим ата кесенесі
Ибрагим ата кесенесі Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын-үй алабының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ибраһим ата кесенесі XI-XII ғасырларда өмір сүрген әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Алты жылдан бері кесене шырақшысы болып істейтін Қадырхан Артхлоджаевтың айтуынша, Ысқақ бабтың он үшінші ұрпағы саналатын Ибраһим ата атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, сопылардың діни көсемі әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған. XI ғасырда Сайрам ислам дінін таратудың негізгі ошағы болса, мұнда көптеген діндарлар мен ғалымдар тұрған. Соның бірегейі – Ибраһим ата мұқтаж адамдарға көмектесіп, тақуалық өмір сүрді және мыңдаған ізбасарларға ислам дінін уағыздады.
Ақсу ауылы жолында биік төбеде орналасқан кесене бір камералы, шаршы түріндегі құрылыс. Ибраһим ата кесенесінің алаңы – 7,2х7,2 метр, ал ұзындығы – 8,25 метр. Алғашында кесене XVI-XVII ғасырларда салынған. Алайда нысан. Бірақ, кейіннен XIX ғасырда қайта салынды. Ұзақ уақыт бойы жолдың шетіндегі төбеде тұрған кесене қатерлі жағдайда болды. 1990 жылдары жолды 20 метрге ауыстыруға және кесене негізін топырақ қатпарымен бекітуге қаржы бөлінді.
Ал, биыл Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қаратау ауданы әкімдігі тарапынан тек зиярат етіп келушілер ғана емес, шет елдік туристердің де назарын өзіне аударған Ибрагим ата кесенесінің айналасы абаттандырылды. Кесене бүгінде зияратшылар мен туристерді өзіне тартып отырған нысанның бірі.