Зауыттан экологияға келер зиян жоқ

Screenshot_13.png

Еліміздегі жетекші мұнай өңдеу зауыттарының бірі Шымкенттегі «ПетроКазақстанОйлПродактс» ЖШС  Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында қайта құру және модернизациядан өткен болатын. Жаңғырту жұмыстары зауыттың қуаттылығын арттырып қана қоймай экологиялық ахуалды да жақсарта түскен. Жақында экобелсенділер мен БАҚ өкілдері зауыттағы  ҚР Экологиялық заңнамалары талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқан шаралармен етене танысты.

Кәсіпорын мамандарының айтуынша зауытты жаңғыртудағы мақсат – жылына 6 млн. тоннаға дейін мұнайды өңдеу жобалық қуаттылығын қалпына келтіру, К4 және К5 экологиялық класты моторлық отынды шығару болатын.

 «Экология бөлімінің ұйымдастыруымен заводтың ішін көріп шықтық. Барлығы қазіргі заманның талабына сай, тазалау қондырғыларын көрсетті, керемет. Және бізді таң қалдырғаны ешқандай адам, көп персонал көргеніміз жоқ, барлығы негізінен автоматтандырылған. Адам факторы дейді ғой. Сол нәрсені азайтады. Кез – келген сондай оқиғаларға автоматика өзі әрекет етіп, процесті уақытында тоқтатады.  Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайлар бар екен»,- дейді  серіктес мекеменің басшысы Әбдіқадыр Байнұров. 

Жаңғырту барысында орнатылған қондырғылар қоршаған ортаға шығатын қоспаларды азайтуға, қалдықтарды орналастыруды қамтуға мүмкіндік беретіні қонақтарға оң әсер етті. Олар ПКОП жұмысын ҚР Экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізіп жатқандығына көздерін жеткізді. Жаңа Экологиялық Кодекс талаптары күшейтілді. Сондықтан да зауыт басшылығы осы бағытта жұмысын жалғастырады. Табиғатты қорғау іс-шараларына сәйкес, алдағы 5 жылға үлкен жобаларды жүзеге асыру көзделген.

Зауыттағы технологиялық үрдіс бірегей автоматтандырылған бақылау жүйесіне бағынады. Жоғары деңгейдегі авариялық апатты қорғаныс қондырғыларды қолдану қауіпсіздігін қамтып, апатты жағдайлардың орын алуын азайтады. Ауаның ластануын жою мақсатында жұмыс аймақтарда көмірсутек газдары мен булары, күкіртсутектің құрамын тексеруге автоматты бақылау қарастырылған. Процестер мен операцияларды автоматтандыру жұмыс істейтіндердің қауіпті өндіріс факторларымен тікелей байланысын жояды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер