Қалада электронды билеттендіру жүйесі бір ізге қойылған

Screenshot_14.png

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте цифрландырудың 5 негізгі бағыты іске асырылуда. Соның бірі  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша көліктерді цифрландыру.  Өткен  жылы осы мақсатта  жеке инвестордың қаражаты есебінен «Электрондық билеттендіру» жобасы іске асырылған болатын. Қоғамдық көліктерде «Tolem» жүйесімен жабдықталған валидаторлар орнатылған. Қазіргі уақытта 156 мыңнан астам «Tolem» картасы сатылған, 800 автобустың 450-і «Tolem» жүйесінің құрылғыларымен жабдықталған. Электрондық билеттендіруді іске асыру шеңберінде GPS деректері Яндекс 2ГИС танымал мобильді қосымшаларына берілетін болады. Карта қала тұрғындарына онлайн режимінде қоғамдық көліктің қолжетімділігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың сөзінше, бүгінде қаладағы электронды билеттендіру жүйесі бір ізге қойылған.  Мақсұт Пернебайұлы студенттер мен оқушыларға төлем картасын рәсімдеу уақыты 15 сәуірге дейін созылғанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ Шымкент қаласында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін метан газымен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынған болатын. Қазіргі таңда оның 150-і іске қосылған. Бүгінде екінші станцияны салу жұмысы аяқталуға жақын. Екінші бекет 15 сәуірде іске қосылған соң, 300 жаңа автобусты жүретін болады. Жалпы, жыл соңына дейін сатып алынған қоғамдық көліктің бәрі толық жүргізіледі деп  жоспарлануда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер