Шымкентте үлкен шағын аудандар салынады

Screenshot_15.png

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласы бойынша өткен жылы 37,7 млрд теңге сомасына 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 22 инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 30,9 млрд теңге сомасына 20 жоба іске асырылып, 1074 жұмыс орны құрылды. Биыл да қалада бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Айталық  шаһардың үш ауданында инвесторлардың қатысуымен «Шымкент сити» жобасымен жаңа үлкен шағын аудандар салынады. Бұл туралы  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Инвестициялық штабтың отырысында айтты.

«Қаланың даму жолы аясында, әр ауданның өз орталығы, өз саябағы, өз емханалары, өз мектептері болуы қажет. Сондықтан болашақта әр ауданнан «Шымкент сити» секілді үлкен жаңа, заманауи шағын аудандар саламыз. Жаңа құрылысқа инвесторларды тарту жұмыстарына аудан әкімдері де атсалысуы керек. Халық орталыққа қарай емес, қажеттісін өз ауданынан шықпай-ақ таба білуі тиіс»,- деді қала басшысы.

Қала әкімінің төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында инвестиция потенциалы бар жобалардың мәселелерін шешу жайы қаралды. Инвесторлармен zoom платформасы арқылы байланысқа шыққан қала басшысы Шымкентте инвесторлар үшін барлық жағдай жасалатынын айтып өтті.

«Шымкент – инвестицияға қолайлы қала. Бізде арнайы экономикалық аймақ пен бірнеше индустриалды аймақ бар. Қосымша жаңа индустриалды аймақтардың құрылысы жүргізілуде. Оның бірі - «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Мұнда құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі шоғырланады. Елуден астам кәсіпорын құрылады. Сонымен бірге, Біз жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша толық қолдап, кедендік салықтық режим, тегін жер телімі, мемлекеттік қолдау және дайын инфрақұрылым қарастырғанбыз»,-деді қала басшысы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер